Алатау ауданында неше шақырым инженерлік желі салынады

everest-dom.com
everest-dom.com
Ауданда 5 кәріз-сорғы станциясы салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Алатау ауданында 150 шақырым инженерлік желі салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, ауданда 5 кәріз-сорғы станциясы салынады.

Алатау ауданының әкімдігі жақын арада «Теректі», «Алғабас», «Болашақ», «Шапағат» шағынаудандарында ұзындығы 150 км инженерлік желілерді салуға кіріседі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.

«Мердігерлер анықталды. Жұмыстың басталуы ағымдағы жылдың мамыр айына, аяқталуы 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланған. «Рахат-Мәдениет» ш/а желілердің құрылысы 2023 жылдың шілдесінде басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады», - деді қала басшысы.

Сондай-ақ «Самғау» және «Өжет» шағынауданында кәріз желілерін пайдалануға беру үшін 5 кәріз-сорғы станциясының құрылысы жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың соңына жоспарланған.

Новости партнеров