|
29.04.2023 | 10:24
2157

Алматыда бірлік мерекесіне орай «Сенім» орталығының ерекше балаларын құттықтады

Орталықтың қызмет алушыларына мерекелік концерт ұйымдастырылып, сыйлық табысталды

Алматыда бірлік мерекесіне орай «Сенім» орталығының ерекше балаларын құттықтады Алматы қаласы әкімдігінен

1 мамыр күні Алматыда Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығының ерекше балаларын құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталықтың қызмет алушыларына мерекелік концерт ұйымдастырылып, сыйлық табысталды. Орталықта барлығы 112 ерекше бала тұрады, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 46 бала.

«Өзара қолдау арқылы біз барлық қиындықты жеңеміз. Сондықтан бұл мереке біздің халқымыз үшін ерекше. Орталықтар қызметінің негізгі миссиясы адамдарды біріктіру және олардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесу екенін атап өтемін. Бұл жерде біз достар табамыз. Өйткені, тек бірлік бізге өмір жолындағы барлық қиындықты жеңуге көмектеседі. Балалар мен орталық ұжымын шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім тілейміз», — деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Назира Тогизбаева.

Естеріңізге сала кетейік, «Сенім» орталығы 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Мұнда балалар стационар жағдайында тұрмыстық, медициналық және педагогикалық қызметтерден бастап мәдени-демалыс іс-шараларын, экскурсияларды, мерекелерді және т. б. ұйымдастыруға дейінгі арнайы әлеуметтік қызметтерді алады.

Қызмет алушылардың тұруы жасына, физикалық жағдайына және психологиялық үйлесімділігіне қарай қалыптасады. Мекемеде 10 топ бар, оның ішінде 3 топ – паллиативтік топтар, қалған 6 топ 10-нан 12-ге дейін өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы бар балалар тұрады. Стандартқа сәйкес Орталықта арнаулы әлеуметтік қызметтердің жеті түрі ұсынылады:

• Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер

• Әлеуметтік-медициналық қызметтер

• Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер

• Әлеуметтік-психологиялық қызметтер

• Әлеуметтік-мәдени қызметтер

• Әлеуметтік-құқықтық қызметтер  

• Әлеуметтік-экономикалық қызметтер

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир