Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, қалада бірқатар шаралар, олардың қатарында – тұрақтандырудың жаңа механизмдері, азық-түлікті тікелей жеткізуді ұйымдастыру және бәсекелестік орта құру секілді шаралар қолданылуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен, бүгінгі күні, тұрақтандыру шараларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 жайғасымының 18 жайғасымы қамтылды», – деп жазылған хабарламада.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) қойылған бағалардың өсу тәуекелдерін ескере отырып, карантин шараларының алғашқы кезеңінен бастап, 2020 жылғы наурызда кәсіпкерлік субъектілеріне жергілікті бюджеттен жеңілдікпен берілетін қайтарымды қарыз беру және ӘМАТ-тың 13 атауының бағаларын бекіту үшін 5 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттар «Magnum Cash&Carry» сауда желілеріне және «Ақсайнан НТК» ЖШС-не айналым қаражаттарын толықтыру және өткізу бағаларын бекіту үшін жолданды.
«Атап айтқанда, «Magnum Cash&Carry» ЖШС-не сөрелердегі бекітілген шекті бағаларымен және ағымдағы жылғы қазан айына дейін бағаны ұстап тұру көлемімен 11 925 тонна көлемінде ӘМАТ-тың 12 жайғасымына 3,6 млрд. теңге сомасында жеңілдік қарызы берілді», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, «Ақсайнан НТК» ЖШС-не 1-ші сұрыпты ұннан әлеуметтік қалыпты нан пісіру үшін 350 млн. теңге сомасында жеңілдік қарызы берілді. Сатылудың жалпы көлемі бір бөлке нан үшін 70 теңге болып бекітілген өткізу бағаларымен және 5 ай ішінде бағаларды ұстап тұру көлемімен 21,8 млн.-нан астам бөлке нанын құрайды.
«Шарт бойынша бағаларды бекіту сәуір-шілде айларының кезеңінде бағалардың төмендеуіне айтарлықтай әсер етті: 11 жайғасымның 9 жайғасымына бағаларды ұстап тұру және 6 жайғасым бойынша, оның ішінде: тауық етіне, құмшекерге, күнбағыс майына, сүтке, ірімшікке, рожкиға, күрішке және 1-ші сұрыпты ұнға бағаларды төмендету мүмкіндігі болмады», – деп жазылған.
Бұдан басқа, қаланың 250 сауда нысандарына бекітілген өткізу бағасы (1850 тг/кг) бойынша сиыр етін жеткізу ұйымдастырылды. Аталған келісім ағымдағы жылдың соңына дейін жасалды, сауда орындарының саны 500-ге дейін арттырылатын болады.
Қазіргі уақытта, 2020-2021 жылдардың маусымаралық кезеңіне «көкөністі сақтауға салу» бойынша қосымша шарт жасалды. 1,5 млрд. теңге сомасында жеңілдікпен берілген қайтарымды «Magnum Cash&Carry» ЖШС шамамен 12 мың тонна көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) қарызға сатып алатын болады.
Қабылданған жүйелі және жедел шаралардың арқасында карантин режіміне қарамай, қала әкімдігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған бағаларды тұрақтандыруға мүмкіндік туды.
Осылайша, ағымдағы жылғы сәуірде тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) ӘМАТ-тың 9 атауы бойынша бағалардың төмендеуінің есебінен 100%-ды, мамырда – 99,2%-ды (ӘМАТ-тың 6 түрі бойынша бағалардың төмендеуі), маусымда – 99,7%-ды (ӘМАТ-тың10 түрлі атауы бойынша бағалардың төмендеуі) құрады.
Өткен айдан бастап, ӘМАТ-тың 7 атауы бойынша: картоп, пияз, сәбіз; сүт өнімдерінен: сүт, айран, ірімшік, сондай-ақ құмшекердің бағаларының төмендегені байқалады.
Сонымен, тұтыну бағаларының индексі шілдеде тағы 1%-ға төмендеп, 98,7%-ды құрады.
«ӘМАТ-қа қойылған бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда», – деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.