Алматыда Медеу — Шымбұлақ жолында «Сергек» камерасы орнатылды

28.11.2023 15:19

Жол қозғалысы ережелерін тіркеу 2023 жылдың 1 желтоқсанынан басталады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Медеу-Шымбұлақ автожолында жылдамдығы 40 км/сағатқа шектелген «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 4 камерасы орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар «Медеу» биік таулы мұз айдынының шлагбаумынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі ұзындығы 7 км учаскеде орналасқан. Бұл жаяу жүргіншілер ағынының және көрсетілген бағыт бойынша жүретін электромобильдер санының артуына байланысты адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Жол қозғалысы ережелерін тіркеу 2023 жылдың 1 желтоқсанынан басталады.

Айта кетерлігі, Алматыда барлығы 7 894 «Сергек» АӨК камерасы жұмыс істейді. Олар 2021 жылы «Мемлекеттік - жеке әріптестік» жобасын іске асыру аясында белгіленген.