Алмалы ауданындағы инвестициялар 52,8%-ға өсті

18.05.2023 15:20

Ол туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты

lockobank.ru

2023 жылдың басынан бастап Алматының Алмалы ауданында экономикалық көрсеткіштердің жақсы өсу серпіні байқалады. Ол туралы қала әкімі Ерболат  Досаев халықпен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осы жылдың I тоқсанында инвестициялар 52,8%-ға өсті. 25,5 млрд теңгенің инвестициялары тартылды, ал өнеркәсіптік өндіріс көлемі шамамен 49 млрд теңге болды», - деді қала басшысы.

Бұл ретте салық түсімдері 41%-ға өсіп, 258 млрд теңге болды.