44 жедел патрульдік бригада, 421 бірлік арнайы техника, оның ішінде 165 құм таратқыш, 481 жол жұмысшысы жұмылдырылды
Алматы көшелерінен 3 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
12-13 желтоқсан күндері түнде жауған қарды тазалау жұмыстары жалғасты.
Көктайғақты алдын алу мақсатында жолдардың қауіпті учаскелерінде, көлік айрықтарының съезінде түнде 32 тонна материал себілді. Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары жалғастырылды.
Түнгі уақытта жол полициясының патрульдік машиналарының бірге жүруімен қарды сыпырып, жинайтын машиналардың 17 колоннасы ұйымдастырылды.
Магистральдық көшелерден қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Түнде 1947 м3, қар жауғаннан бері барлығы 3027 м3 қар шығарылды.
44 жедел патрульдік бригада, 421 бірлік арнайы техника, оның ішінде 165 құм таратқыш, 481 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 16 желтоқсанға дейін жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы 13 желтоқсанда түстен кейін минус -18-20 градус аяз.