Алматы қаласында 21 мамыр сағат 10:00-де жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құлақтандыру қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, объектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізіледі.
Осыған байланысты, Алматы қаласы ТЖ Департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына сабыр сақтап, ғимараттардан (тұрғын үй, пәтер) жедел эвакуациялау элементін пысықтауымен қатысуды сұрайды!
«Баршаның назарына!» халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізу және сейсмикалық жаттығудың басталуы туралы хабардар етіледі.
Алматы сейсмикалық аймақта орналасқан, сондықтан әрбір азаматтың ТЖ кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарға жеке дайындығы үлкен маңызға ие.
Алматылықтар үшін жер сілкінісі кезінде отбасылық немесе ұжымдық іс-қимыл жоспарын жасау маңызды:
Көпқабатты үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынамыз:
1. дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
2. жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
3. жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
4. жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
5. ғимараттан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
6. суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7. алдын ала дайындалған «дабыл шабаданын» алыңыз;
8. ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
10. балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.
Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрлігі түлектерге маңызды ескерту жасады