|
21.05.2024 | 14:31
9370

Ішкі істер министрлігі түлектерге маңызды ескерту жасады

25 мамырда еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты өтеді

Ішкі істер министрлігі түлектерге маңызды ескерту жасады Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25 мамырда еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты өтеді. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараны қабылдайды, деп атап өтті ІІМ.

«Ішкі істер министрінің тапсырмасымен әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар шара өтетін орындарға барынша жақын болады. Соңғы жылдар байқағанымыз, мектептерде «соңғы қоңырау» аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлек іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады», - деп ескертті ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Мәселен, былтыр мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында тіркелді.

Одан бөлек, балалар тыйым салынған жерлерде суға түседі. Өткен жылы Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарында жасөспірімдер суға кеткен болатын.

Ішкі істер министрлігі осыны ескеріп, ата-аналар мен түлектерді қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

«Құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102-ге, ал төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Оқи отырыңыз: Балқаш көлінің су деңгейі тағы 8 см көтерілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир