Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында айтты
Түрксіб ауданы тұрғындары үшін спорт объектілерін «жақын орналастыру» жұмыстары жалғасып жатыр. Жылдың соңына дейін Жас Қанат шағынауданында бассейні бар тағы бір спорт кешені іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Осы жылдың наурыз айында Жұлдыз шағынауданында бассейні, гимнастика, жекпе-жекпен айналысуға арналған залдары және т.б. бар жеке дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Жылдың соңына дейін Жас Қанат шағынауданында бассейні бар тағы бір спорт кешені пайдалануға беріледі», – деді Досаев.
Айта кетейік, 2022 жылдың қазан айында Майлин көшесіндегі «Авиатор» стадионының және Огарев көшесіндегі Даму және шығармашылық орталықтың аумағында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жоспарланған.