Қала әкімі Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездеседі

16.02.2023 23:09

Кездесу уақыты сағат 9:00

пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

2023 жылдың 17 ақпанында сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуі Қалқаман-2 шағынауданы, Талжанов к-сі, 1Б мекенжайындағы №206 мектеп-гимназияда өтеді.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Наурызбай әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.