Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты
Алматының Әуезов ауданындағы 11 мың тұрғын сапалы сумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының Әуезов ауданындағы ең проблемалы 4 учаскесінде сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу және жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Жұмыстар 2024 жылдың соңына дейін Достық шағынауданында іске асырылатын болады, Арычная, Ыкылас, Западная көшелерінде, "Мамыр-4" шағынауданында, Саин - Шаляпин - Жандосов көшелері Қарғалы өзенінің жағалауында жұмыстар аяқталады.
"Біз жобалау кезеңін аяқтап жатырмыз, бұдан әрі конкурстық рәсімдер өтіп, ҚМЖ басталады. Мұның бәрі 11 мыңнан астам тұрғынды сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Ерболат Досаев.