|
25.11.2021 | 10:24
2574

Б. Сағынтаев Тәжікстанның Алматыдағы Бас консулы Равшан Бобохонзоданы қабылдады

Б. Сағынтаев Тәжікстанның Алматыдағы Бас консулы Равшан Бобохонзоданы қабылдады пресс-служба акима Алматы

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Тәжікстанның Алматыдағы Бас консулы Равшан Бобохонзоданы қабылдады. Бұл туралы әкім өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тәжікстанның Алматыдағы Бас консулы Равшан Бобохонзоданы қабылдадым. Мегаполистің тәжік өңірлерімен сауда, инвестиция, туризм мен білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытудың, екіжақты қарым-қатынасты тереңдетудің перспективалық бағыттары талқыланды», – деп жазды Б. Сағынтаев.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир