Ол жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталады
Жетісу ауданында 1200 орындық жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Былтыр 2 мектепте 875 орындық қосымша ғимарат пайдалануға берілді және №148 мектепке 200 орындық қосымша ғимарат салу басталды. Ол жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталады.
«Жетісу ауданы мектептеріндегі оқушы орындарының жағдайы салыстырмалы түрде жақсы, бірақ халық санының өсуі мен ауданда тұрғын үйлердің қарқынды салынып жатқанын ескеріп, биыл Боралдай көшесінде 1200 орындық жаңа мектеп пен бұрыннан бар мектептерге 450 орындық 2 қосымша ғимарат салуды жоспарлап отырмыз», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.