|
03.11.2022 | 10:24
1948

Қоғамдық қауіпсіздік: Алмалы ауданында 541 бейнекамера орнатылады

Сондай-ақ 38 "Сергек" орнатылады

Қоғамдық қауіпсіздік: Алмалы ауданында 541 бейнекамера орнатылады aikyn.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы жылдың соңына дейін адам көп жиналатын орындарға (118 камера), аулаларға (200 камера) және көше қиылыстарына (223 камера) 541 бейнекамера орнатылады", - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, қолданыстағы 947 камераға есептелген 177 "Сергек" автоматтандырылған-бағдарламалық кешеніне қосымша (44– желілік учаскелерде,133– көше қиылыстарында) 400 камераға есептелген 38 "Сергек" автоматтандырылған-бағдарламалық кешені (22– желілік учаскелерде,16- көше қиылыстарында) орнатылады.

"Жалпы, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Алмалы ауданындағы камералардың жалпы санын 1 469 бірлікке дейін көбейтеміз", - деді әкім баяндамасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир