Іс-шараға зиялы қауымның белгілі өкілдері, туыстары мен жақындары, Ескендір Өтегенұлының достары мен серіктері қатысты
Алматы қаласының мемлекеттік архивінде ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері, композитор әрі әнші Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей бұрышы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның отбасы белгілі композитордың өмірі мен шығармашылығына байланысты 100-ден астам құжат пен экспонатты мемлекеттік сақтауға тапсырды.
«Архив – бұл халықтың рухани байлығы мен мәдени мұрасын сақтайтын, болашақ ұрпаққа мирас ететін маңызды буын. Бүгін Алматы қаласының архиві Ескендір Хасанғалиевтің жеке қорынан алынған бағалы құжаттармен және заттармен толықтырылды. Біздің ортақ міндетіміз - туған жерге және өз халқына деген сүйіспеншілікті бейнелейтін композитордың шығармаларын сақтау және насихаттау», - деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.
Іс-шараға зиялы қауымның белгілі өкілдері, туыстары мен жақындары, Ескендір Өтегенұлының достары мен серіктері қатысты. Лента кесу салтанаты әйгілі «Атамекен» әнінің сүйемелдеуімен өтті.
«Ескендір Өтегенұлының шығармашылығы мен еңбегі халыққа тиесілі. Енді қазақстандық эстрада аңызының қолжазбалары, наградалары, фотоальбомдары, сыйлықтары, кітаптары, ордендері мен медальдары осында сақталады, өскелең ұрпақ қажет болған жағдайда таныса алады. Отбасымыздың атынан музей бұрышын ашу жөніндегі осы игі бастаманы қолдағаны үшін барлығына алғыс білдіремін», - деді ҚР Халық артисінің жұбайы Дарико Хасанғалиева.
Оқи отырыңыз: Алматыда қазақстандық өндірістің бірегей фандоматы пайда болды