Осыған байланысты 552 бірлік арнайы техника мен 1134 жол жұмысшысының кезекшілігі ұйымдастырылды
13 наурыздан бастап Алматы қаласында тұман болып, жылымық қар түсіп жауын жауады, ауаның температурасы төмендейді. Ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан қала көшелерінде көктайғақ пайда болды. Көктайғақтың алдын алу үшін сағат 18.30-дан бастап 178 құмлақтырғыш жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
14 наурыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша 1230 тонна материал қолданылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін, 14 наурызда қар жауады.
Осыған байланысты 552 бірлік арнайы техника мен 1134 жол жұмысшысының кезекшілігі ұйымдастырылды.
17 наурызға дейін ауық-ауық жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтілуде.