Медеу ауданында 700-ден аса бейнебақылау камерасы орнатылады

02.03.2023 15:28

Өткен жылы адам көп жиналатын орындарда жаңа 355 бейнебақылау камерасы орнатылған

baq.kz

Қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында, Алматыда 6000-нан астам бейнебақылау камерасын орнату жоспарланғанын, соның 750-і Медеу ауданына қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медеу ауданында халық тығыз қоныстанған, жол қозғалысы қарқынды. Сондықтан әкімдік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. 

Қала әкімінің айтуынша, тәжірибе көрсеткендей, аудандағы қылмыстардың 80%-ы бейнебақылау камерасының көмегімен ашылады. Өткен жылы адам көп жиналатын орындарда жаңа 355 бейнебақылау камерасы орнатылған.

«Биыл Алматыда 6000-нан астам бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған, оның шамамен 750-і Медеу ауданына қойылады», – деді Ерболат Досаев.