Алматы – Куала-Лумпур тікелей рейсі наурызда ашылады

01.03.2024 14:30

Елге келетін шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжануда

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда шетелдік туристер ағынының деңгейіне әсер ететін факторлардың бірі - қолданыстағы әуе қатынасының саны. Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Наурызда Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ басқарма басшысының айтуынша, бізге келу туризмін дамытудың негізгі факторларының бірі - 2024 жылдың маусым айында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысын аяқтау. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті - жылына 14 млн жолаушы. Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2024 жылы 7 жаңа қонақүй салынады