Әуезов ауданы қашан сыртқы жарықпен қамтамасыз етіледі

18.07.2024 15:30

Бұл туралы қала әкімі айтып берді

Almaty TV

Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен өткен есептік кездесуде электр желілерін жаңғырту туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша биыл 36 км электрмен жабдықтау желілері мен 79 трансформаторлық қосалқы станция, 5 тарату қосалқы станциясын жаңғырту аяқталады. Сондай-ақ Момышұлы, Шаляпин мен Рысқұлбеков көшелерінде ұзындығы 7 км жаңа электр желілерінің құрылысы басталды.

Сыртқы сапалы жарық жүйесімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда: жыл басынан бері 6,5 км кабель желілері мен 806 жарық нүктелері ауыстырылды. 2024 жылдың соңына дейін 310 жаңа жарықтандыру тіректерін орнату, 100 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жөндеу, 35,5 км ескі кабель желілерін және 1700 ескі үлгідегі шамдарды жаңа жарықдиодты шамдарға ауыстыру жоспарда бар.

«Ауданды сапалы сыртқы жарықтандырумен толық қамту үшін осы жылдың наурызда сыртқы жарықтандыру желілерінің  учаскесін салуға 81 жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталды. Тамызда мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алуды жоспарлап отырмыз. Бұл аталған жобаларды іске асыру аудан аумағын 2025 жылдың соңына дейін 100% сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Әуезов ауданының инженерлік желілерін жаңғырту басым міндет – Ерболат Досаев