Қалаға 3 см-ге дейін, таулы аймақтар мен тау бөктеріне 8 см-ге дейін қар түскен.
23 қаңтардан 24 қаңтарға қараған түні таулы аймақтарда 23.30-дан бастап жауып бастаған қар таңғы 5-тен кейін тоқтады. 548 бірлік арнайы техниканың, соның ішінде 219 құмлақтырғыш және 375 жол жұмысшысының кезекшілігі ұйымдастырылды. Қалаға 3 см-ге дейін, таулы аймақтар мен тау бөктеріне 8 см-ге дейін қар түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстар мен жолайрықтардың кіреберістеріне, тау бөктері мен таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 2470 тонна материал пайдаланылды.
Тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймағы, қоғамдық көлік аялдамалары мен автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда.
Қаланың жоғарғы аудандарында қар тазалайтын колонналар ұйымдастырылады.
Қаладағы күндізгі қар тазалау жұмысына 595 техника бірлігі, оның ішінде 212 құмлақтырғыш пен 1208 жол жұмысшысы жұмылдырылады.
Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.