Алматыда 28 мектепке оқушылар автобуспен тасымалданбақ
liter.kz
28 мектепке балаларды тасымалдау автобустарын жүргізу пилоттық режимде жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда пилоттық режимде қыркүйек айынан бастап оқушыларды мектепке тасымалдайтын автобустар жүргізу жоспарланды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Тасымалдау автобустары туралы көктемде айтқанмын. Мәселе әлі толық шешілген жоқ. Дегенмен, кеше ғана осы мәселеге байланысты кездесу өткіздім. Бұл - пилоттық жоба болмақ. Әр ауданнан мектептер таңдалды, жалпы саны 28 мектепке балаларды тасымалдау автобустарын жүргізу пилоттық режимде жоспарланған. Барлығы орынды болса, бағдарламаны қыркүйектің соңына дейін қабылдаймыз", - деп жауап берді әкім.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00