Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мектепке дейінгі мекемелердің мәселесін шешуге уәде берді, сондай-ақ мектептер мен дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бақытжан Ақжаровтың айтуынша, ауданда 30 мектеп бар, олардың үшеуі ғана жеке меншік. Барлығы 33 442 оқушы, оқушы орындарының тапшылығы – 1 690.
Бұл мәселені шешу үшін № 170 мектепке 280 орынды қосымша құрылыс салынды. Биыл нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар Сейфуллин даңғылы, 50 мекенжайда орналасқан 590 оқушыға арналған жеке қаржы лицейі салынды.
2022 жылдың қараша айында Қайрат шағынауданында 1500 орынды үлкен мектеп салу жоспарлануда. Сонымен қатар Сауранбаев көшесінде орналасқан № 59 мектеп-гимназиясының жаңа ғимаратының құрылысы жоспарланған.
Бақытжан Ақжаровтың айтуынша, мектепке дейінгі мекемелермен де мәселе шешіледі. Ауданда 96 балабақша жетіспейді, сондықтан Жас Қанат шағынауданында 280 орынды балабақшаның құрылысы басталды. Ғимарат 2022 жылдың бірінші тоқсанында тапсырылады. Сондай-ақ 331 орынға 7 жекеменшік мектепке дейінгі балалар ұйымы ашылды. Жас Қанат-2 шағынауданында 260 орындық тағы бір мемлекеттік балабақша салу жобасы әзірленуде.
Аудан әкімі 100 орынды №86 балабақша мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Алматы қалалық оңалту орталығының ғимараттарын жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстары туралы да айтты.
Ауданда медициналық инфрақұрылымды кеңейту үшін келесі объектілердің құрылысына ЖСҚ әзірленуде: Қайрат шағынауданында бір ауысымда 340 адам қабылдайтын емхана, Нұршашқан, Әлмерек, РВ-90 шағынаудандарында және Айбасов көшесінде дәрігерлік амбулаториялар. Олардың құрылысы 2022 жылға жоспарланған. №20 қалалық емхананың дәрігерлік амбулаториясының жалға алынған ғимаратын сатып алу мәселесі қарастырылуда.