Өтінімді қабылдау www.almaty-jastary.info.сайтында жүргізіледі
15 қарашадан бастап 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының Akimat live бағдарламасында айтқан болатын.
Өтінімдер 15 қарашадан бастап 20 қарашаға дейін қабылданады.
Өтінімді қабылдау www.almaty-jastary.info сайтында жүргізіледі. Өтініш беру үшін тұрғындардың электрондық-цифрлық кілті қажет.
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Берілетін пәтерлер Наурызбай ауданындағы «Алма Сити-5» жаңа ТК және Алатау ауданындағы «Мәдениет» ТК орналасқан. Жалпы саны – 1 050 бір бөлмелі пәтер. Жалға беру мерзімі – ұзарту құқығынсыз 5 жыл.
Қандай құжаттар тапсыру керек:
1. Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш (өтінімді толтырған соң өзі құрылады);
2. Берушінің және ерлі-зайыптылардың (бар болса) жеке басын куәландыратын сканерленген құжат;
3. Білім туралы сканерленген құжаты (диплом, сертификаттар);
4. Неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);
5. Балалардың сканерленген туу туралы куәлігі (бар болса);
6. Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7. Жұмыс орнынан сканерленген анықтама, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік жүргізген жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік;
8. Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы сканерленген анықтамасы;
9. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттары (бюджеттік ұйымда өтілді растау үшін еңбек кітапшаның сканерленген беттерін немесе өтілді растатын анықтаманы жүктеу керек болады);
10. Екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы сканерленген үзінді;
11. Өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттары (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).
12. Сонғы 2 жыл аралығында Алматы қаласы аймағында тіркеу орны өзгенген жағдайда, көші-қон органнан 2-жылдық тіркеуді растайтын сканерленген құжат жүктеліну керек (Полицияның көші-қон басқармасы).