Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты
Досмұхамедов көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
«Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін Әйтеке би көшесінің бойында жол салу» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2023 жылдың 18 маусымы сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Досмұхамедов көшесінің Ramada қонақ үйінен № 123/1-ші тұрғын үйге дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Көлік қозғалысы Қазыбек би, Шарипов және Гоголь көшелері арқылы жүзеге асырылады. Іргелес көшелермен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі. Құрылыс 2023 жылға арналған жұмыс жоспары аясында жүзеге асырылып жатыр, келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.