Түрксіб ауданында 160 шақырымнан астам электр желіcі модернизацияланып жатыр

18.01.2024 15:35

Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Түрксіб ауданында үздіксіз электрмен жабдықтау үшін 160 шақырымнан астам электр желіcі модернизациялануда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының Түрксіб ауданында үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдың 2 тоқсанында "Әлмерек" (23,5 км), "Нұршашқан" (18 км), "Қайрат" (120 км) шағынаудандарында 161,5 км желіні жаңарту аяқталады. Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты.

Бұдан басқа, бір ай ішінде "Қайрат" шағынауданының тұрғындары қалалық желіге "Кіші Станица" қосалқы станциясына ауысады, бұл ауданды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, 2023 жылы Түрксіб ауданында "шуақты" шағынауданында 5,5 км электр беру желілері  модернизацияланды.