Шектеулер жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі
Алматы қаласының Медеу және Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.
«2022 жылғы 13 шілде күні сағат таңғы 09.00-ден кешкі 21.00-ге дейін Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды. Шектеулер жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.