Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін
«Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуына байланысты 6 маусым сағат 08:00-ден 2023 жылғы 1 қыркүйеккке дейін Есентай өзені арқылы өтетін көпір бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы Қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
"Көлік қозғалысы шығыс бағытта үш жолақ орнына екі жолақ бойынша жүзеге асырылады. Батыс бағытта көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық көлік сызбасы уақытша өзгереді