|
26.08.2022 | 10:38
498

Алматыда қала күні тойланады

Ерболат Досаев биыл Қала күніне орай іс-шараларды өткізудің бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтты

Алматыда қала күні тойланады Максим Золотухин

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде алматылықтар қала күнін атап өтеді. Қала әкімімен кездесуге келген Алмалы ауданының тұрғыны қала күніне орай алматылықтарға мереке ұйымдастыруды ұсынды.

«Пандемияға байланысты алматылықтар ешқандай мерекені тойлаған жоқ. Екі жыл үйде отырды. Ауру мен жақындарын жоғалту тұрғындарды әбден шаршатты. Бізге мейрам сыйлаңызшы. Қала күнін тойлайық», - деді Алмалы ауданының тұрғыны.

Ерболат Досаев биыл Қала күніне орай іс-шараларды өткізудің бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтты.

«Биыл қыркүйек айында қала күнін тойлаймыз. Оның аясында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Дүйсенбі күні бағдарламаны бекітеміз», - деп жауап берді қала басшысы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир