Алматыда 87 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда

29.05.2024 15:39

Қалалық мобильділік орталығына өтініш бойынша жұмыспен 20 462 адам қамтылды

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жыл басынан бері 19 483 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 896 – тұрақты, 7 587 – уақытша. Бұл туралы Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша 87 025 жұмыс орнын құру жоспарлануда (68 387 – тұрақты, 18 638 – уақытша).

Қалалық мобильділік орталығына өтініш бойынша жұмыспен  20 462 адам қамтылды: тұрақты жұмыс орындарына – 2 725 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына – 7 587 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 519 адам, жастар практикасына – 134 адам, қоғамдық жұмыстарға – 6 770 адам, күміс жасқа-122 адам.

Статистика деректері бойынша 2023 жылы жұмыс күшінің саны 1 098 мың адамды құрады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 46 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны – 1 045,5 мың адам (47,5 мың адамға өсім).

Оқи отырыңыз: Алматыда Құлжа тасжолын реконструкциялау кезінде қозғалыс жолағының саны азаймайды