Сағынтаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

23.06.2020 15:39

Қала басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында құттықтауын жариялады

ашық дереккөз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында құттықтауын жариялаған.

«Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықтың амандығын сақтап жүргендердің алдыңғы қатары – сіздерсіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» –  деп жазды Б. Сағынтаев.

Алматы әкімдігінің жұмысындағы басты міндеттердің бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екені бұрыннан белгілі. Осынау абыройлы істі жүзеге асыру үшін өткен жылдан бастап көшелер мен аулаларды патрульдеу күшейтілді, қаланың барлық аудандарында полицияның мобилді пункттері ашылды.

Нәтижесінде қылмыс деңгейі  күрт қысқарды. Бүгінгі күні екі мыңнан астам полиция қызметкері тәулік сайын қоғамдық тәртіпті  сақтау жолында аянбай қызмет етуде.

Төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлері медиктермен, санитарлық дәрігерлермен, әскерилермен бірге блок бекттерде тәулік бойына өз міндеттерін мүлтіксіз  орындап, қалада құқықтық тәртіпті  қамтамасыз етті. Бұл шараларға бес мыңнан астам полиция қызметкерлері тартылды.