Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездеседі

13.04.2023 в 12:40

13 сәуірде сағат 9:00-де өтеді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

2023 жылдың 13 сәуірде сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуі Жетісу шағынауданы, 8Б мекенжайындағы №117 жалпы білім беретін мектепте өтеді.

Кездесуді онлайн режимде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасынан және Әуезов әкімдігінің Facebook парақшасынан көруге болады.