Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев аула аумақтарын жаңғырту қарқыны туралы хабарлады. Ауданда қосымша бөлінген 400 млн теңгеге 70 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жұмыстар 30 мың тұрғынды қамти отырып, қараша айының соңына дейін аяқталады.
Сонымен қатар соңғы рет 2017-2018 жылдары абаттандырылған 50 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Жайлы қалалық ортаны дамыту аясында қазан айында Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысында ауданы 1 га учаскені абаттандыру бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Жеке инвестициялар есебінен 98,7 млн теңге сомасында балалар және спорт алаңдары, иттерді серуендетуге арналған аймақ, демалуға арналған орындар орнатылды, көгалдандыру жүргізілді.
Сондай-ақ Желтоқсан көшесі мен Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы бөлу жолағын абаттандыру жұмыстары аяқталады.
Оқи отырыңыз: Бостандық ауданында медициналық мекемелер жөнделеді