Жетісу ауданында екі жаңа ірі инженерлік жоба жүзеге асырылып жатыр

28.03.2024 15:42

Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматының Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында қала басшысы Ерболат Досаев осы ауданда инженерлік инфрақұрылымның дамуы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жетісу ауданындағы жұмысымыздың басты бағытының бірі - тұрғындарына сапалы коммуналдық қызметтер көрсету», - деді Ерболат Досаев.

Қазір ауданда 80 км сумен қамту және 71 км кәріз желілерін салу бойынша 2 жаңа ірі инженерлік жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобада Кемел, Айнабұлақ сайы, Серіков, Қазыбаев, Февральская, Омаров және т.б. 100-ден астам көше қамтылады.

Бірінші жобаны «Алматыинжстрой» ЖШС іске асырып, «Кемел» шағынауданын толық қамтиды. Былтыр 5,7 км болатын 3 көшеге магистральдық су құбырлары тартылды. 2024 жылы жұмыстар жалғасады және осы жылдың соңына дейін аяқталады.

Екінші жобаны «НКО» ЖШС жүзеге асырып жатыр, ол 81 көшені қамтиды. Өткен жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары 15 көшеде жүргізілді, оның 4-уі толығымен аяқталды. 2024 жылы тағы 35 көшеде жұмыстарды жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар 2023 жылы жалпы ұзындығы 5,1 км, оның ішінде Құлагер және Айнабұлақ-2 шағынауданында және Казаков, Бродский, Колпаковский-Есенов көшелерінде магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жүргізілді.

«Биыл Айнабұлақ-2, 3 шағынауданында және Бродский көшесінде ұзындығы 3,3 км жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстарын жалғастырамыз», - деді мегаполис басшысы.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Жетісу ауданындағы ипподром жағдайына түсініктеме берді