Алматының Наурызбай ауданында алғашқы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
2014 жылы аудан құрылғалы бері бұл осындай алғашқы спорт нысаны болады.
ДСК құрылысының басталуы конкурстық рәсімдер аяқталғалы кейін 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Онда бассейн, әртүрлі спорт бойынша спорт секцияларына арналған залдар: ойын түрлері, жекпе-жек, бокс, күрес қарастырылады.
Өткізу қабілеті күніне кемінде 500 адамды құрайды. Бұл ретте спорт кешені ерекше қажеттілігібар адамдарға бейімделеді.
Сонымен қатар Ақжар ш/а-да ДСК салу жоспарлануда. Осы жылдың соңына дейін резервтік магистральдық сумен жабдықтау және кәріз желілері салынады. Ал 2025 жылдың I тоқсанында объектінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталады.
Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында жаңа көшелер салынады