Кездесуге 300-ден астам адам келді
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен сегізінші кездесуі Түрксіб ауданында өтті. Кездесуге 300-ден астам адам келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Түрксіб ауданы қаланың өнеркәсіптік, көліктік және логистикалық торабы болып табылады. Оның үлесіне Алматының өнеркәсіптік өндірісінің төрттен бір бөлігі тиесілі. Алматы әкімінің мәліметінше, биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіпте, инвестиция тартуда, құрылыста оң динамика байқалады.
Кездесу барысында Алматы әкімі ауданның негізгі проблемалық мәселелерін, оның ішінде инженерлік желілер мен тұрғын үй қорының тозуын атап өтті. Ерболат Досаев жылыту, сумен жабдықтау және кәріз желілерін жаңғырту, тұрғын үй қорын күрделі жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту және дамыту қажет екенін атап өтті.
Биыл қалаға қосылған Әлмерек, Қайрат, Нұршашқан шағынаудандарындағы үйлердің 90%-ы үшін учаскелер шекарасына дейін сумен жабдықтау мен кәріздің магистральды және ішкі аулалық желілері салынды. Жыл соңына дейін Закарпатская көшесінде, Жас қанат және Шуақты шағынаудандарында желілер салынады. Бұл тағы мың үйді қосуға мүмкіндік береді. Нижняя пятилетка шағынауданында жұмыстарды келесі жылдың соңында аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, осы жылдың соңына дейін ауданда ұзындығы 8,3 км болатын 11 учаскесіндегі желілер қайта жаңғыртылатын болады.
Өзінің сөзінде Ерболат Досаев ауданда электрмен жабдықтау желілері 70%-ға тозғанын атап өтті. Бұл жиі үзілістерге, ажыратуларға және кернеудің жоғарылауына әкеледі. Мәселені шешу үшін Тұздыбастау қосалқы станциясы салынуда. Жыл соңына дейін Шуақты шағынаудандағы электр беру желілері жаңғыртылады. Шілде айында Нұршашқан, Қайрат және Әлмерек шағынаудандарында жұмыстар басталады.
Ауданда қаланың барлық ескі тұрғын үйлерінің 40%-ы шоғырланған. Осы жылы аталған мәселені шешу үшін 12 ескі үйдің 96 отбасы 2 жаңа көпқабатты үйлерге көшірілді. 211 пәтерлі тағы 8 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде.
Ауданның жол инфрақұрылымы қанағаттанарлық жағдайда – 439 немесе 486 көшенің 90%-ы асфальтталған. Қалған 47 көшенің 17-нің 10,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ерболат Досаев жыл соңында Құлжа трактісі-Бұқтырма қиылысында жолайрығының құрылысы аяқталатынын хабарлады.
Ауданда жаңбыр кезінде үнемі су басу байқалады. Бұл мәселені жедел шешу үшін ұзындығы 5,1 км болатын 64 учаскеде ұзындығы арықтар салынып, реконструкциялануда, келесі жылы ұзындығы 44 км қалған арық жүйелерін салу және жөндеу жоспарланған.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан жолдарындағы «Сергек» камераларының саны екі есеге жуық – 82-ден 160-қа дейін ұлғайтылатын болады. Қосымша 322 бейнебақылау камерасы орнатылады, олардың бір бөлігі қиылыстарда, аулаларда, саябақтар мен скверлерде, білім беру және денсаулық сақтау объектілерінде, діни нысандар мен базарларда орнатылатын болады.
Түрксіб ауданында жоғары жылдамдықты интернетке қосылу жұмыстары жалғасуда. Талшықты-оптикалық желіге 342 үй, соның ішінде Қайрат, Әлмерек шағынаудандары қосылды. Жыл соңына дейін Баум тоғайы мен Нижняя пятилетка шағынаудандарын қосу жоспарда бар.
Қала басшысы Түрксіб ауданында әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету қаланың басқа аудандарына қарағанда жоғары екенін атап өтті. Ауданның мектептері мен балабақшаларында орын тапшылығы 4,2 мың орынды құрайды. Жыл соңында Қайрат шағынаудандағы 1500 орынды мектеп пен Волочаевская көшесіндегі 300 орынды жеке меншік мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Бұл Түрксіб ауданындағы оқушы орындарының тапшылығы мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді.
Үшінші тоқсанда №59 мектеп-гимназия үшін жаңа ғимараттың құрылысы басталады. Жыл соңына дейін Жас қанат шағынауданындағы балабақшада құрылыс жұмыстары қайта басталады. Келесі жылдың мамыр айында №70 балабақшаның сейсмотұрақтылығын күшейту аяқталады. 2023 жылдың соңына дейін Қайрат шағынауданында 260 орындық балабақшаның құрылысы аяқталады.
Халықтың өсуінің арқасында ауданның медициналық мекемелеріне жүктеме едәуір артты. Биыл Айбасов көшесіндегі 200 орындық емхананың жобалық құжаттамасы әзірленді. Осы жылдың үшінші тоқсанында Нұршашқан шағынауданында 100 орындық емхана құрылысы басталады. Әлмерек және РВ-90 шағынаудандарының әрқайсысында 200 орындық екі емхананың құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Қазіргі уақытта Қайрат шағын ауданында 340 орындық емхана құрылысының жобалық құжаттамасы әзірленуде.
№20 қалалық емхананың дәрігерлік амбулаториясын тұрақты орналастыру үшін 13 әскери қалашықта жалға берілетін ғимаратты сатып алу жоспарлануда.
Түрксіб ауданында тұрғындар үшін спорт нысандарының «қадамдық қолжетімділігін» құру бойынша жұмыс жалғасуда. Осы жылдың наурыз айында «Жұлдыз» шағынауданында бассейні, гимнастикамен, жекпе-жекпен айналысуға арналған залдары бар жеке денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, жыл соңына дейін Жас Қанат шағынауданында бассейні бар тағы бір спорт кешені іске қосылады. Қазан айында «Авиатор» стадионының және Огарев көшесіндегі даму және шығармашылық орталығының аумағында спорт кешенінің құрылысына мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.
Биыл «Халықтық бюджетке қатысуы» жобасына ауданға 800 млн теңге бөлінді. Тұрғындардың ұсыныстары бойынша 28 жоба іріктелді. Олардың ішіндегі ең ірілері – Сейфуллин даңғылы бойындағы кіреберіс топты абаттандыру. Рысқұлов даңғылы, Ақкербез көшесі бойындағы жағалау аймағын қайта жаңарту, Майлин көшесі бойындағы саябақты бөлу. Жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.
Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т. б. мәселелерді көтерді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев Халықпен 24 кездесу өткізеді – тоқсанына 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу.
Еске салсақ, Алматы әкімінің тұрғындармен бірінші кездесуі биылғы жылдың екінші тоқсанында 14 сәуірде Бостандық ауданында, екіншісі – 28 сәуірде Алатау ауданының тұрғындарымен, үшіншісі – 12 мамырда Әуезов ауданында, төртіншісі – 19 мамырда Наурызбай ауданында, бесіншісі – 26 мамырда Жетісу ауданында, алтыншысы – 17 маусымда Медеу ауданында, жетіншісі – 23 маусымда Алмалы ауданында өтті.