Биыл Алмалы ауданындағы көшелер орташа жөндеуден өтеді
Almaty TV
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматының Алмалы ауданында 2024 жылы орташа жөндеумен жалпы ұзындығы 22,9 км болатын 44 көше, сонымен қатар, 5 км тротуар қамтылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар ауданда 40 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
Қала басшысы 2023 жылы ауданда ұзындығы 24,2 км 16 көшеге, сонымен қатар 6,1 км тротуарға орташа жөндеу жүргізілгенін еске алды. Сондай-ақ Әйтеке би көшесін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін ұзарту аяқталды. Ағымдағы жөндеумен 40 мың шаршы метр жол қамтылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
21.11.2026 09:09
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
21.11.2026 12:54