Биыл Алматыға көктем ерте келді. Сәуір айының басында бүршік атқан ағаштар, қазір гүлдеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ең алдымен Алып шаһарда өрік пен шие ағашы гүлдеді.
Алматы көктемде ерекше сәнге еніп, ажарлана түсті.
Қазір қалада өрік, шие, магнолия гүлдеп, айнала жасыл түске боялып жатыр, қала ішінде хош иіс аңқиды.
Алматыда әлемнің әр түкпірінен әкелінген ағаштардын саны өте көп. Олардың гүлдеу сәтінің өзі ерекше. Мәселен, мына ағаш Багрянник бұтасы деп аталады екен.
Сонымен қатар Алматының Орталық саябағында да қызғалдақтар өсіп жайқалып тұр. Бұл - шалғын құрақ бейнебір тоқылған кілемдей көрінеді.
Хош иісті қызғалдақтар жұпардай аңқиды.
Фото авторы: Досжан Балабекұлы