Алматыда 2023 жылы бірінші жартыжылдықта шетелдік туристер саны 73% өсіп, 261 мың адамнан асты. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Туристердің жайлы демалысы үшін биыл 3 кемпинг аймақты (Ақбұлақ, ҮАК және Мыңжылқы) орнату жұмыстары аяқталды. Шатырлы орындар, «Алтыбақан» ұлттық нақыштағы әткеншектер орнатылды.
Сонымен қатар Кіші және Үлкен Алматы, Проходное, Бутаковка шатқалдарын абаттандыру жұмыстары аяқталып, Қарғалы шатқалында жұмыс қолға алынған. Бағыт бойында навигациялық көрсеткіштер, ақпараттық стендтер, қалқандар, тіректер, түрлі түсті нұсқаушы белгілер, демалып отыратын орындар(әйнектелгендерді қосқанда), орындықтар, демалуға арналған платформалар, көпірлер мен қоршаулар орнатылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда «City Run 2023» маусымындағы қорытынды жарыс өтеді