Алмалы ауданында электр желісін жаңарту үшін қандай жұмыстар қолға алынды

29.08.2024 15:48

Ауданның сыртқы жарықтандыруын жасауға 1,3 млрд теңге бөлінген

Алматы қаласы әкімдігінен

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуде электр желілерін қайта құрудың нәтижесі мен жоспарын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы бүгінде ауданның электр желілерінің 60%-дан астамы тозғанын атап өтті. Бұл тұрақты түрде апаттық өшуге әкеледі. Айта кету керек, былтыр ауданның электр желілерінің тозуы 20%-ға төмендеді. 2023 жылы тозу деңгейі 80% болған.

Биыл «АЖК» АҚ Райымбек – Наурызбай батыр – Мәметова – Сейфуллин көшелерінің аумағында 1,3 км электр беру желілерін қайта жаңартылды.

Сондай-ақ Жамбыл – Әуезов – Абай – Розыбакиев көшелерінің аумағында тағы 6,4 км электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңартып, салынып жатыр. Жұмысты осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Биыл сапалы көше жарығымен қамтамасыз ету үшін 38 көшеде 21 км ескі кабель желілері жаңғыртылып, 2,5 мыңнан астам шам ауыстырылды.

2024 жылдың соңына дейін тағы 2,4 мың шамды жаңғыртып, 19 км кабель желісін ауыстыру жоспарланған. 2024 жылы ауданның сыртқы жарықтандыруын жаңғыртуға және оны күтіп-ұстауға 1,3 млрд теңге бөлінді.

Алматыда барлығы 4,8 мың км сыртқы жарықтандыру желілері бар. 2024 жылы сапалы жарықтандыруды қамтамасыз етуге аудан әкімдігі 9,9 млрд теңге бөлген. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында мегаполисте сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету 2024 жылы 85%-ға және 2025 жылы 100%-ға жетеді.