|
12.01.2021 | 10:48
4174

Алматы клиникалары жаңа құрылғылармен жабдықталуда

Алматы Қоғамдық денсаулық басқарамасына қарасты медициналық ұйымдарға 47 бірліктегі рентген аппараты, 52 УЗИ аппараты берілді

Алматы клиникалары жаңа құрылғылармен жабдықталуда Акимат Алматы

Алматы клиникаларын медициналық құрылғылармен жабдықтаудың үш жылдық бағдарламасы аясында мегаполистегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығаюда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Модернизациялау бағдарламасы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынды. Алматының медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 43,1 млрд тг бөлінді.

Бұл қаржыға ӨЖЖ 285 аппараты, жоғары ағынды O2FLO оттегі терапиясының 250 аппараты, 1050 оттегі концентраты сатып алынды.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқарамасына қарасты медициналық ұйымдарға 47 бірліктегі рентген аппараты, 52 УЗИ аппараты берілді.

Сондай-ақ, «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК, И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК, Модульді орталыққа, «Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Жедел медициналық көмек көрсетудің қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК,«Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК-лерге 6 оттегі станциясы орнатылды.

Модернизациялау аясында №4 Қалалық клиникалық ауруханаға орнатылған жаңа мультиспиральді МСКТ — Hitachi Supria, 128 тілімді компьютерлік томография іске қосылды. Оның артықшылығы, жүрек пен коронарлық артериялардың атеросклеротикалық өткізгіштігін анықтайды әрі тез сканер жасайды, өйткені тиісті хаттамалар жасау үшін жедел сканерлеу қажет.

16 тілімді аппаратта бір анатомиялық денені сканерлеу 12-ден 35 секундқа дейін созылатын болса, 128 тілімді аппаратта сканерлеу 8 есе жылдам жасалады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир