Мегополисте жыл соңына дейін 130 көше жөнделеді

24.08.2023 15:52

Бүгінгі таңда 70 көшеде 30 мың шаршы метр жол жөнделді

Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандық маңызы бар жолдардың құрылысы мен жөнделуі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Наурызбай ауданының барлық шағынауданында жолдарды биыл жөндеу жұмысы белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда 70 көшеде 30 мың шаршы метр жол жөнделді. Жыл соңына дейін 130 көшені қамтитын тағы 25 мың шаршы метр жолды жөндеу жоспарланып отыр", - деді әкім.

Сонымен қатар қалалық мобилділік  басқармасы шілдеде Ақжар  және Шұғыла ш/а 10 көше бойынша 6,5 шақырым жол салуды бастады. 10 көшеде 6,9 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Биылғы қарашаның соңына дейін ұзындығы 7 км болатын тағы 6 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Еске салсақ, биыл Алматыда ұзындығы 200 км болатын 230 көшені орташа жөндеумен қамту жоспарлануда, оның ішінде 73 км Наурызбай және Алатау аудандарында орналасқан. 215 көше аудандық маңызы бар көшелер болып табылады. Алғабас, Теректі, Томирис, Қарасу, Ақбұлақ, Зерделі, Шапағат, Шұғыла, Таусамалы, Қалқаман, Рахат, Жас Қанат шағынаудандарына ерекше көңіл бөлінді.