Медеу ауданының көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр

29.09.2022 15:53

Жұмыстар 15 қазанға дейін аяқталуы тиіс

gov.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы халқымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, ауданның көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін 1 млрд теңгеге ұзындығы 5,7 км Шығыс айналма автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

"Жыл басынан бастап 1,4 млрд теңгеге ұзындығы 21,4 км 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Онда тротуарлар салу да қамтылған. Бүгінгі күні 27 көше бойынша жұмыстар аяқталды. Уәлиханов көшесі мен Горный тұйық көшесі бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Оларды ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деп мәлімдеді қала әкімі.