Жыл басынан бері 10 бағдаршам нысаны орнатылды
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауданда 99 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені, адамдар көп жиналатын жерлерде Алматы қаласы ПД ЖБО-ға шығарылған 110 бейне мониторинг жүйесі орнатылған.
Жыл соңына дейін 40 бейнебақылау камерасы орнатылады, оның ішінде Центральная көшесі мен өткен кездесуде айтылған Ерменсай шағынауданы бар. Сондай-ақ, жыл басынан бері 10 бағдаршам нысаны орнатылды, жаяу жүргіншілер өтпесі бар тағы 8 бағдаршам нысаны ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады.