Бейнебақылау камераларының негізгі бөлігі білім беру объектілерінің жанына, парктер мен скверлердің аумағына, аулалар мен жол қиылыстарына орнатылады
Қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы халқымен кездесуінде ауданда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімінің айтуынша, осы жылдың қыркүйек айында ауданда 597 бейнебақылау камерасын орнату басталады.
"Бейнебақылау камераларының негізгі бөлігі білім беру объектілерінің жанына, парктер мен скверлердің аумағына, аулалар мен жол қиылыстарына орнатылады", - деп мәлімдеді әкім.