Кездесуге 150-ден астам адам келді
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың қала тұрғындарымен кезекті кездесуі Әуезов ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныс бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуге 150-ден астам адам келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ерболат Досаев ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап орталықсыздандырудың арқасында Әуезов ауданының бюджеті екі еседен астам өсіп, 23,4 млрд теңгеге жеткенін еске салды. Берілген 15 функцияның бірі – жолдарды жөндеу. Биыл ауданда жалпы ауданы 23 мың м² 250 млн теңге болатын жұмыстар жоспарланған.
Орташа жөндеу жалпы ұзындығы 12,8 км болатын 14 көшеде жүргізіледі. Жұмыс мамыр айында басталып, қараша айында аяқталады.
Аудандағы жол инфрақұрылымы мәселелері өзекті болып қала береді. Көлік жүктемесін азайтуға Жұбанов көшесін - Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту ықпал етеді. Ұзартуға арналған мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Инженерлік коммуникациялармен байланысты мәселе аудан тұрғындарын да алаңдатады. Соңғы сатыда тұрған жобалау кезеңі және конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін ауданның ең мәселе тудыратын 4 учаскесінде сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу және жаңғырту басталады. Бұл Достық, Мамыр-4 шағынаудандары, Саин – Шаляпин – Жандосов көшелері, Қарғалы өзенінің жағалауы, сондай-ақ Арычная, Ыкылас, Западная көшелерінің учаскесі. Осы жобаларды іске асыру 11 мыңнан астам абонентті сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша өткен жылы аула аумағын жөндеу және абаттандыру жұмыстары басталды (ауданда барлығы 966 аула бар). Ағымдағы жылы 161 ауланы жаңғырту жоспарланған, жұмыстар қараша айында аяқталады.
Наурыз айында Әуезов ауданының магистральдық көшелеріндегі (Абай даңғылы мен Момышұлы көшесі бойындағы) үнемі су басып қалатын 7 проблемалық учаскесінің соңғы 2-і жойылды.
Дамыған әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері қаланың тұрақты назарында. Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін бұрынғы «Белкамит» зауытының аумағында 900 орындық мектеп салу жоспарланған. 2 мектепте сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталды. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін тағы 2 мектепте осындай жұмыстар аяқталатын болады.
Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Мамыр-1» шағынауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуда. «Қуаныш» шағынауданында бір ауысымда 300 адам қабылдайтын емхананың жаңа негізгі ғимаратын салу үшін жер учаскесін сатып алу бойынша жұмыс жалғасуда.
Ауданда қоғамдық қауіпсіздік мәселелері белсенді түрде шешілуде. Көшелердегі «Сергек» кешендерімен жалпы қамту 149 бірлікке дейін жеткізіледі. Сонымен қатар, ауданда адамдар көп жиналатын орында қосымша 700-ге жуық камера орнату жоспарлануда.
Әкіммен өткен тұрақты кездесу барысында тұрғындар жайлы қалалық ортаны дамыту жөнінде тілегін білдірді. Ақсай-2 шағынауданындағы абаттандырылған саябақ сияқты Ақсай-4 шағынауданындағы скверді модернизациялау жоспарлануда. Шалов бульварында ұзындығы 660 метр, ауданы – 3,7 га заманауи жаяу жүргіншілер аймағын құрудың ЖСҚ әзірленді. Жұмыс шілде айында басталып, жыл соңына дейін аяқталады.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша ақпан айынан бастап «Сайран» көлінің түбін шөгінділерден механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс мамыр айының соңына дейін аяқталады. Көлдің түбін тазалағаннан кейін оның жағалауын реконструкциялау абаттандыру жоспарлануда. Тиісті құжаттама бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы сәуір айында қолға тиеді деп күтілуде.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2023 жылы аудан тұрғындарының өтінімі бойынша 875 млн теңгеге 16 жобаны іске асыру жоспарлануда.