Алматыда Құрбан айт күндері құрбандыққа шалынған ет мұқтаждарға жеткізіп беріледі – имамдар мешіттерге келмеуге шақыруда

kursiv.kz
kursiv.kz
Имам карантин талаптарын сақтау үшін Алматы қаласының мешіттерінде мерекелік Айт намазы оқылмайтынын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биылғы жылы Құрбан айт дәстүрлі мерекесінің аясында мешіт жанында құрбандық шалынбайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Бостандық ауданының «Байкен» мешітінің Бас имамы Данияр Жұмабаев айтты.

Карантиндік шектеу шараларына байланысты мешіттер жанында құрбандық шалынбайды және оның еті таратылмайды.

«Құрбандыққа шалынған етті алуға өтініш білдіргендерге мешітке келудің қажеті жоқ. Құрбандық еті арнайы құрылған штаб арқылы жүзеге асырылып, мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіледі», – деді Данияр Жұмабаев.

Имам карантин талаптарын сақтау үшін Алматы қаласының мешіттерінде мерекелік Айт намазы  оқылмайтынын айтты.

Құрбандық шалуға өтініш беру және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға қалдырған өтініштерін алу Qurban2020.kz сайты арқылы  24 шілдеден 30 шілде аралығында жүргізіледі. 2 және 3 тамыз күндері құрбандыққа шалынған ет таратылады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8(700)7197622, 8(727)3976390.

Новости партнеров