Бүгінгі таңда Наурызбай ауданында 139 аялдама павильоны бар
Урбанист Дидар Шажалиев Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухананың алдына қойылған аялдама кешеніне қатысты өз пікірін бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа аялдама сапалы материалдардан жасалған. Сонымен қатар шатыры алюминиймен жабылған, ал металл жақтауы ағашпен қапталған. Барлық ағаш элементтері отқа төзімді, су өткізбейтін және арнайы құралдармен өңделген. Аялдамада ұзындығы 18 метр орындық қойылған.
Сарапшы атап өткендей, жаңа аялдаманың басты артықшылықтарының бірі - сыйымдылығы.
«Мұндай аялдама туралы сенімді түрде «адамдар үшін жасалған» деп айтуға болады. Яғни, қандай да бір стандартты жоба ғана емес, азаматтардың қажеттіліктері ескерілген. Кез келген ауа райында мұнда көптеген адам жайлы орналаса алады», - деді Дидар Шажалиев.
Айта кету керек, аялдаманы жөндеу ауданның аялдама кешендерін ұстауға бөлінген қаражат есебінен жүргізілді.
Бүгінде Наурызбай ауданында 139 аялдама павильоны бар. Келер жылы тағы 6 орнату жоспарлануда. Сондай-ақ барлық аялдамаға шағынмерзімді жөндеу жүргізіледі, оларда атауы бар тақтайшалар пайда болады, қажет болған жағдайда урналар жаңартылады.