Б. Сағынтаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

22.10.2021 16:02
пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Марко Альбертимен кездесті. Бұл туралы қала әкімі Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Марко Альбертимен Алматы мен Италия қалалары арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқыладық», – деп жазды Б. Сағынтаев.