Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасында айтты
Алматыда төрт жолдың торабы Т. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі тоғысатын жолайрық құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2017 жылы басталған бұл құрылыс 4 жылға созылып кетті. Былтыр бұл құрылысты қайта жаңдандырдық. Бірақ бұрынғы мердігер компанияның қолынан келмегендіктен, қосымша мердігер компанияны шақыруға мәжбүр болдық. Ол өзіне қосымша міндеттеме алып, жолайрықтың құрылысын жүргізіп жатыр. Жоспар бойынша жылдың соңына дейін аяқтаймыз. Қазір негізгі жұмыстың бәрі бітіп, асфальт төсеп, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Осы жылдың соңына дейін бітіріп, келесі жылы әрлендіру жұмыстары жасалады», - дейді қала әкімі.
Akimat LIVE бағдарламасынының толық нұсқасын төменгі сілтемеден көре аласыздар.