Алмалы ауданында 5000-нан астам көше жарығы жаңғыртылады

elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көше жарығын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қала басшысы өткен жылдың тамыз айында орталықсыздандыру аясында Алмалы ауданында сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын еске салды.

Былтыр тамыз-желтоқсан айлары аралығында өтінімдерді өңдеу уақытын 4 есеге – 20 тәуліктен 5 тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік туды. 

- Ауданның 21 көшесінің бойында 4470 шам жаңартылып, 25,7 км ескі кабель желісі ауыстырылды. 11 саябақта және 410 аула аумағында жарықтандыру жүйесі қалпына келтірілді, - деді қала басшысы.

2024 жылы 5 мыңнан астам шамды жаңғырту, 31 көше бойындағы 40 км кабельдік желіні ауыстыру және Абай, Қарасай батыр, Абылай хан сияқты 3 көше бойындағы тротуарлық жарықтандыру орнатылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда сапалы сыртқы жарықтандыру 2024 жылы 85%-ға және 2025 жылы 100% дейін жеткізіледі.

Оқи отырыңыз: Алмалы ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңғыртылып жатыр

Новости партнеров